Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан" акциясы аясында қала тұрғындары өз аулаларында жаттығу жасады

Астаналықтар салауатты өмір салтын ұстанады. «AULAFIT» жобасы аясында қала тұрғындары аулаларына шығып дене жаттығуларын жасады. Сондай-ақ есік алдын тазартып, айналаны ретке келтірді. Спорттық шараға қатысушыларға арнайы мамандар нұсқаушы болды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, мұндай акцияны 30 аулада өткізу жоспарланған. 

Айтжан МУСИН, «AULAFIT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жалпы Aulafit жобасы аясында біздің Елордамыздың тұрғындары біздің қатысушылар ауладан алысқа шықпай білікті бапкерлердің көмегімен ауладан шықпай ауланың ішінде тегін жаттыға алады. Елорда бойынша біз 30 ауланы қамтып отырмыз.

"Aulafit" жобасы таңғы жаттығулардан ғана тұрмайды. Сонымен қатар йога, шығыс жекпе-жек өнерін білікті бапкерлер тұрғындарға тегін үйретеді. Спорттық шараға қатысушылар дән риза. 

 Әділет ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Aulafit» жобасы басталғалы бері келіп жүрміз. Жоба өте керемет біздер ризамыз. Осында келіп бұлшық еттерімізді созып біздің жаттықтырушымыз Жантөреге мың сан алғысымызды айтамыз. Өте сыпайы мәдениетті біздің әрқайсысымыздың тілімізді тауып жатыр. Жаттығуды қалай жасау керектігін үйретіп.