Елордадағы Қарасу өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Оған журналистер мен түрлі сала мамандары қатысты. Эко акция аясында 3 тоннадан астам қалдық зат шығарылды. Қатысушылар туристік орындарыдың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғын оны қолдауға белсенді қатысуы керек екенін атап өтті. Еске салайық, «Таза бейсенбі» атты экоакция Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында әр апта сайын өтеді.
Нұрлыбек АМАНДЫҚҰЛЫ, МҰҒАЛІМ:
Мен жиі қатысып тұрамын. Осыдан алдыңғы бейсенбіде біз Сарыарқа ауданын қоқыс полигонын тазаладық. Осындай экологиялық Таза Қазақстан акциясына барша Қазақстандықтарды шақырамын қолдауға. Астана қаласының ұстаздарын осындай акцияға қатысуға шақырамын.