Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал қаласының ескі ауданында биік ғимарат салуға болмайды

Енді Орал қаласының ескі аумағында биік ғимарат салуға болмайды. Өңірдің тарихи-мәдени мұраларын қорғау инспекциясы көне дәуірдің тілсіз куәсін осылай сақтап қаламыз дейді. Бүгінде облыс орталығындағы 138 көне ғимарат тізімделіп, тарихи-сәулет тірек жоспары жасалған. Жаңа ережеге сай бұл нысандардың қорғау аймағы енгізіледі. Яғни орташа есеппен 60 метр жерден жақын аумақта тарихи ғимараттан биік нысан тұрғызуға болмайды. Бұл тыйым ескі үйлерді бұзып, орнына көпқабатты зәулім үй салатын пысықтардың жолын кеспек. 

Абзал БАЙБЕКОВ, "БҚО ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫ" КММ БАСШЫСЫ:

Застройщиктер олар естественно өзінің пайдасын ойлайды. Біздерде комиссия бар. Олар основной документке сәйкес, уже қарайды. Салуға бола ма әлде болмай ма салуға? Мысалы, бізде исторический зонада болса, исторический зонада екі-үш этаждан биік болмайды салуға.

Жергілікті өлкетанушылар көне мекеннен бой көтеретін жеке тұрғын үй құрылысын реттеу керек деген пікірде. Өйткені бақылаудың жоқтығынан бірнеше ғасыр бұрын салынған тарихи ғимараттардың біразы жойылып кеткен. Сондықтан енді салынатын нысандардың биіктігі мен аумағын қала берді түр-түсін де бір жолға салу керек дейді. 

Геннадий МУХИН, ӨЛКЕТАНУШЫ:

Бұл құжатты ертерек қабылдау керек еді. Біз төрт жылға кешігіп қалдық. Сол кезден бері біраз тарихи ғимарат қиратылып, келмеске кетті. Біз мұндай ескерткіштерді көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек еді.