Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын табуда

Елімізде «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын табуда. «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған шара апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы Сырдария, Арыс, Кендірлі өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Қатысушылар туристік орындардың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғын оны қолдауға белсенді қатысуы керек екенін атап өтті. 

100-ден астам ерікті Сырдария өзенінің жағалауындағы күл-қоқыс пен темір терсекті шығарды. Олардың арасында партия мүшелері мен «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері де бар. «Экологиялық мәдениетті қалыптастыру- біздің басты мақсатымыз» дейді шараға қатысушылар.

Хадиша ҚОРҒАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мақсатымыз -әрбір тұрғынның бойында өзінің қаласына деген тазалықты, таза ауаны, сапалы суды ішу үшін әркім тәртіпті өзінен бастауы керек. Сырдария өзенінің бойын қоқыстан тазалау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Қоқыс қалдығы өте көп. Себебі Сырдария өзеніне келушілер, балық аулауға келеді. Балық аулап болған соң отырған жерлерін жинап кету, әрбір азаматтың борышы деп санаймын.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Арыс қаласына қарасты Теміржолшы елдімекенінде орналасқан жағажай аумағынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Партия өкілдері тұрғындардың өзін де көпшілік шомылатын аймақты таза ұстауға шақырды.

Бақтығали ДІЛДӘБЕКОВ,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тазалық бәрімізге керек. Бұл – экологиялық мәдениетті, экологиялық сананы, қоршаған ортаға келген азаматтардың жауапкершілігін арттырады. Біз «AMANAT» партиясы әр бейсенбі сайын осы экологиялық акцияны өткізіп келеміз. Алдағы уақытта да бұл экологиялық акция жалғасын табатын болады.

Маңғыстаудағы Кендірлі өзенінің жағасы да қоқыстан арылды. Шараға 300-ге жуық адам қатысты. Одан кейін тазалық эстафетасы Түпқараған ауданына табысталды. Еске салайық, «Таза бейсенбі» атты экоакция Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында әр апта сайын өтеді.