«Қазақстан Халқы Ассамблеясының республикалық қоры» Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жайлы баспана алып берді. Қоғамдық қор тарапынан Арқалық қаласындағы Қазовтар отбасына қолдау көрсетілді. Топан су тұсында Айман Қадырханқызы төрт баласымен баспанасыз қалған көрінеді. Ассамблея өкілдері отбасыға төрт бөлмелі пәтер алып берді. Қоғамдық ұйым су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді жалғастыра береді. Естеріңізге сала кетейік,баспанасыз қалған отбасылар үшін Арқалық қаласында жаңа 50 пәтерлік көпқабатты үй салынып жатыр.
Мұхтар ҚҰЛЖАН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Су тасқынының бірінші күнінен бастап Қазақстан Халқы Ассамблеясы үлкен қомақты көмек көрсетуде. «Жүректен-жүрекке » деген жобасының екінші кезеңі. Біздер осы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға өзіміздің көмек қолымызды созып, пәтерлер табыстап жатырмыз.
Айман ҚАЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Су тасқынынан зардап шегіп ек. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоры көмектесіп, үй алып беріп осылай құжаттарымның бәрін дайындап берді. Көп рахмет айтамын біріншіден.