Қырғыз
басшысының Қазақстан туралы мәлімдемесі саяси ұпай жинау үшін айтылған болуы
мүмкін. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді. Депутат, 2010
жылы ел саяси күйреудің алдында тұрғанда, Қазақстан айыр қалпақты ағайынға көмек
қолын созғанын, айтты. Бірақ бұл мәлімдеме бауырлас елдер арасында салқындық
туғызбайды, - деді депутат.
Мәулен
Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әртүрлі
саяси күрестер болуы мүмкін. Әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ұпай жинау үшін.
Өзіміз осындай сараптама жасадық. Бірақ енді мұның барлығы екі ел арасындағы
шынайы қарым-қатынастарды көрсетпейді. Керісінше, қарым-қатынасымыз
конструктивті түрде дамып келе жатқанын айтуымыз керек.
Бұған
дейін Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Еуроньюс телеарнасына берген
сұхбатында "ЕАЭО кірмесек, Қазақстан блокада қоюын доғармас еді"
деген мәлімдеме жасады. Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың бұл
сөзін түсіндіруді талап етіп, нота жіберді. Әзірге ресми жауап жоқ.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА