Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2024
  • 318

Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.