Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда сел болған жерден тағы бір баланың денесі табылды

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2024
  • 442

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданы Әбшір-Ата ауылында іздестіру-құтқару кезінде тағы бір баланың денесі табылды. 

Мәйіт ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазір марқұм баланың аты-жөні мен туған жылы анықталып жатыр.

Осылайша Ноокат ауданында селден қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Олардың арасында 2016, 2013, 2012, 2008, 2005 жылғы балалар мен екі әйел бар.

30 маусымда іздеу жұмыстарына қосымша 11 құтқарушы тартылды. Барлығы Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінен 53 құтқарушы жұмылдырылды. Сондай-ақ жұмысқа ішкі істер министрлігінің 120 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 50 қызметкері және 150 жергілікті тұрғын кірісті. Оқиға орнына барлығы 373 адам және қызметтік иттер жұмылдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.