Қазақстан Си Цзиньпиннің «адамзаттың ортақ тағдыры» қоғамдастығы идеясын жоғары бағалайды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Терең қайта құру кезеңіне аяқ басқан қазіргі әлем турбуленттілік пен қайшылықтардың күшеюімен сипатталатынын айта кеткен жөн. Өкінішке қарай халықаралық қауіпсіздіктің дәстүрлі архитектурасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, ал, елдер арасындағы сенім деңгейі төмендеуде», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің пайымынша, мұндай жағдайда адамзат шынымен де жаһандық қауіпсіздік пен әлемдік экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін шоғырландырылған, тиімді және барабар әрекет ету шараларын әзірлеуі керек.
«Осы тұрғыда Қазақстан Төраға Си Цзиньпиннің қазіргі халықаралық жағдайда жаңа өзектілікке ие болып отырған және тең әрі көпполярлы әлемді қалыптастыруға жәрдемдесуге арналған «адамзаттың ортақ тағдыры» қоғамдастығы идеясын жоғары бағалайды. Қытайдың жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік және жаһандық өркениет жөніндегі бастамалары жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға орасан зор үлес қосатынына сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.