Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "TURAQTY JOL" экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Астанада "TURAQTY JOL" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Оған ЮНЕСКО клубтар федерациясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясынан 100-ге жуық адам қатысты. Бұл жолы тазалық жұмысына кішкентай балалар да атсалысты. Жиналған қоқыс қайта өңдеу орындарына жөнелтілді. Талдыкөл аумағында өткен шараның басты мақсаты- жас ұрпақ арасында экологиялық сананы арттыру арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "TURAQTY JOL" экологиялық бастамасы, өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама. 

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЮНЕСКО КЛУБТАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

"TURAQTY JOL" бұл 2020 жылдан бері іске қосылған. Бұл экоакцияның жұмысының шеңберінде біздер осы жылда бірнеше осындай шараларды өткіземіз. Тек қана субботниктар емес енді. Басқа да бар. Бірақ бүгін осындай таңдау болды.

Бибігүл НҮСІПЖАНОВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

ЮНЕСКО клубтарның аясында біз осындай кішкентай балалар осы ұйымға кіреді. Сондықтан да олар шығармашылықтан басқа, олардың экологиялық мәдениетін, сана-сезімін енді біз тәрбиелеуіміз керек, Сондықтан да осындай біздің жас балаларымызды қатыстырып отырмыз.