Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына университет ұжымы атсалысты

Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тауып жатыр.Жалпыұлттық науқанға бұл жолы университет оқытушылары мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалы қызметкерлері қатысты. «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы апта сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы Тобыл жағасына жетпіске жуық адам жиналды. Жалпыұлттық науқанға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы қызметкерлері мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет ұжымы атсалысты. Есімі елге белгілі ғалымдар мен оқытушылар жағажай аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 5 тонна қоқыс шығарылды.Ауқымды акцияны енді басқа да іргелі оқу орындары жалғастырады. 

Нұрлыхан ТЕМІРБЕКОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Осы «Таза Қазақстан» акциясын өзіміздің білім беру ұйымының аумақтарын тазалаудан бастағанбыз.Енді қазір ол жерді біз күнделікті тазалықта ұстап отырмыз. Өңірлік университет яғни біз үлкен университет болып табыламыз. Сондықтан да біздің әрбір қызметкеріміз, профессорлық -оқытушы құрамы осы Қостанайға, қалаға өздерінің қандай бір болсын көмегін тигізуге тырысады.