Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тасқыннан зардап шеккен ауылда 5 жаңа үй салынды

Павлодар облысының Жалаулы ауылында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға су жаңа баспананың кілттері табысталды. 5 бірдей үйге баспанасы суға кетіп, жарамсыз болып қалған тұрғындар қоныстанатын болады. Бар жоғы 2 жарым айдың ішінде салынған үйлерге тұрғындар дән риза. Ауылдықтардың қуанышына тілшіміз ортақтасып келді. 

Серік Ахметов - Жалаулы ауылының байырғы тұрғыны. Осы елде туып, өсіп өнген. Тосыннан келген тасқын су баспанасын жарамсыз қылып кетті. Алайда, үйсіз қалған жоқ. Оған ауылдың дәл ортасынан 4 бөлмелі жаңа үй салынды.

Серік АХМЕТОВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өздерің көріп тұрғандай осындай міне 5 үй салынып, ашылу салтанаты болып жатыр. Бәріне рахмет! Жақсы күшті әсем үй салынды деп ойлаймын. Көрген бейнетіміз барлығы артта қалсын. Келешекте осындай жағдай Қазақстан еліне келмесін деп айтам.

Тасқынан зардап шеккен тағы бір отбасы Сматаевтар әулеті. Отбасының 6 баласы бар. Оларға да су жаңа 4 бөлмелі баспананың кілті табысталды.

Мархабат СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осынай қысқа уақыт ішінде жаздың ортасына жеткізбей 5 үй салып берді. Көптен көп рахмет! Мен өзім өте ризамын. 4 жаңа көршімнің атынан рахмет айтамын.

5 бірдей үй бар жоғы 2 жарым айда салынды. Баспанада қажеттінің бәрі бар. Қаладағы үйлерден кем емес. Бастысы тұрғындар дән риза.

Александр ТЕРЕНТЬЕВ, МЕРДІГЕР:

Біз осыдан 2 жарым ай бұрын үй құрылысын маусым айының соңында тапсырамыз - деп уәде берген едік. Сол уәдемізде тұрдық. Үйдің сапасы өте жоғары. Біз оған кепілдік береміз. Үйдің ауласы қоршалған. Баспананың көлемі 102 шаршы метр құрайды. Ұзақ жанатын пеш қойдық. Сондықтан бұл үй тұрғындарға жайлы болады деген ойдамыз.

Естеріңізге салайық, тасқын судан Жалаулыда 14 үй зардап шеккен болатын. Қалған 9 үйге жөндеу жұмыстары жасалынды. Ал жаңа баспана салуға ERG компаниясы 100 млн теңге бөлді.