Русский Сайттың толық нұсқасы

Орман және табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы көбейді

Бірінші шілдеден бастап орман және табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл үшін бюджеттен шамамен 8,5 млрд тг қарастырылған. Қаулыға Үкімет басшысы қол қойды. Құжатқа сәйкес, орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылады.