Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

Елорда полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Бұл -Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алудағы сақтық шараларының бірі. Сондай-ақ көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қауіпсіздік күшейтілді. Жасақтар саны ұлғайтылып, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау артты. Қалалық полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға шақырады. 

Эльдар ДАНИЯРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалаға кіре берісте полиция Рубеж стационарлық бекеттері жұмыс істейді. Онда азаматтардың құжаттары мен көлліктегі тыйым салынған заттардың бар жоғы тексерілуде. Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Делегациялардың арнайы колонналарының өтуі кезінде елорданың магистралдық көшелердегі қозғалыс уақытша шектелетін болады. Сонымен қатар азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандайда бір шектеулер қарастырылмаған.