Ақмолалық 10 жасар Артур Гаитов кішкентай інісін өрттен құтқарды. Бір аяғы гипске таңылса да ол төтенше жағдай кезінде абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Кейін 1 жасар інісін қолына алып жанып жатқан үйдің терезесінен сыртқа шықты. Ол жедел әрекеттерінің арқасында өзінің және інісінің өмірін сақтап қалды. Көзсіз ерлігі үшін Артурды Төтенше Жағдайлар Министрлігі марапаттады.
Анастасия ГАИТОВА, АРТУРДЫҢ АНАСЫ:
Балалар үйде жиі жалғыз қалады. Бұндай жағдай болатыны үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Артур- біздің мақтанышымыз. Ол болашақта құтқарушы болғысы келеді. Жұбайым екеуміз оны қолдаймыз. Балаларымыздың бақытты болу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасайтын боламыз