Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан" акциясы басталғалы Ақмола облысында 300-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді

"Таза Қазақстан" акциясы Ақмола облысында да жалғасуда. 3 мыңға жуық жас пен ерікті, еңбек ұжымдары, тұрғындар Есіл өзенінің жағалауын тазартты. Шараның мақсаты- тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу. Айта кетейік, жоба басталғаннан бері облыс бойынша 450 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам экологиялық іс-шара өткізілген. Нәтижесінде 27 өзен, көл, бұлақтар мен каналдар тазартылды. 

Саятғ ЕРІКТІ:

"Жасыл ел" жасақтарымен бірлескен тазалық жұмыстарын жасап жатырмыз. Бірігіп жағалауымызды қоқыстан арылтудамыз. Президент айтқандай, тазалықты тек үйде емес, қоршаған ортада да сақтауға, аялауға міндеттіміз. Барлығыңызды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын.