Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Елена Рыбакина алғашқы айналымда румыниялық теннисші, әлемнің 152-ракеткасы Елена-Габриэла Русемен ойнады.
Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Елена Рыбакина ойын кезінде үш рейт эйс жасап, үш рет допты ойынға бере алмады. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдалана білді.