Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президенті Байденді ауыстыруы мүмкін кандидаттың есімі аталды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2024
  • 344

АҚШ президенті Джо Байденді ауыстыруы мүмкін ең ықтимал кандидаттың есімі айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Байденге ықтимал қарсылас – АҚШ вице-президенті Камала Харрис. Ол алдағы сайлауда Демократиялық партия кандидаты ретінде тіркелген.

Харристің рейтингі төмен болғанымен, демократтар, әйелдер мен қара нәсілділер арасында өте танымал. Байденнің орнына кандидатты іздеу, оның кандидатурасын айналып өту, партия ішінде наразылық пен бөлініс тудыруы мүмкін.

Дағыстандағы теракт, Байден мен Трамптың дебаты, НАТО-ға бас хатшының бекітілуі: Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ-та Байден мен Трамп арасындағы дебат "ойын-сауық шоуы" деген атау алып үлгерді

"Харрис ханым президент болуға дайын. Ол өз лауазымына шынымен лайық. Егер вице-президентті елемей, басқа кандидат іздесеңіздер, мен ашуланар едім", – деді Мичигандағы Демократиялық партия өкілі Кит Уильямс.

Байденнің сәтсіз дебатынан кейін оның ең маңызды қорғаушысы Камала Харрис болды. Ол демократтар арасында тез тараған дүрбелеңді жеңілдету үшін бірнеше сұхбат берді.