Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы көлік құрастыру зауытының өндіріс көлемі артты

Қостанайдағы көлік құрастыру зауытының өндіріс көлемі артуда. Өткен жылы 90 мыңнан астам автомашина шығарған іргелі кәсіпорынның биылғы жоспары да ауқымды. Зауытта жыл басынан бері 21 мың көлік дайындалған. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда едәуір көп. Кәсіпорында қазір 3100 адам жұмыс істейді.Жаңа жобалар жүзеге асқан сәтте жұмысшылар саны да артады, дейді зауыт өкілдері. Көлік өндірісінің драйверіне айналған зауыт еліміздің экономикалық -әлеуметтік саласының ілгері дамуына сүбелі үлес қосып отыр. Шетелдік компаниялармен серіктестік құрған кәсіпорын серпінді жобалардың жемісін көруде. 

Әділ ШАЙКЕМЕЛОВ, ЗАУЫТТЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қытай елімен біз өте үлкен қарым-қатынастамыз. Өндіріс жағынан.Технология саласынан. Қарым-қатынасты ары қарай дамытып келе жатырмыз. Және де осы саммиттің арқасында машина жасау саласы жалпы өөндіріс, автокөлік өндіріс саласында ары қарай үлкен қарқынды жобалардың дамуына жол ашады деп үміттеніп отырмыз.