Русский Сайттың толық нұсқасы

"Саммитте қаралатын мәселелер ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық серіктестікті арттырады", - сарапшы

"Астана саммитінде" қаралатын мәселелер ұйымның ынтымақтастығын арттырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтады. Сондай-ақ, бірлестікке мүше елдер арасындағы алыс-беріс, экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге сеп болмақ. Сарапшы Амангелді Тәженов - бұл сенім мен татулықты ту еткен ұйым беделінің артуына тікелей әсер етеді дейді. 

Амангелді ТӘЖЕНОВ, ҚР СІМ "СЫРТҚЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы болашақтың даму әлеуетін көрсетеді. Қазір кейбір мәселеге келгенде үнсіз қалатын халықаралық ұйымдар бар. Ал ШЫҰ әлемнің тыныштығы үшін әрекет етуде. Міне, осы үшін көптеген мемлекеттер бұл бірлестікке қызыға қарайды. Соның арқасында ұйымға мүше болғысы келетін елдердің саны жылдан жылға артып келеді.

Былтыр Үндістанда өткен саммитте Мемлекет басшысы ұйымның қолға алған жобаларын жетілдіру үшін инвестициялық қор құруды ұсынған еді. Орталығы ретінде "Астана қаржы" ұйымын бекітті. Биылғы жиында орталықтың жұмысы нақтыланбақ. Сарапшылар инвестициялық қордың бірлестікке мүше елдер үшін пайдасы орасан екенін айтады. 

Жансая НҰРАЛИЕВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Бұл қор құрылса ұйымның ішіндегі жобаларды одан әрі көркейту, жобаларды масштабтандыру мәселелер шешілетін еді. Егер ол елдер бірін-бірі тыңдап, ортақ келісімге келу туралы шешім шығарса ол құба-құп болады тек.