2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді,-деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Сараланған гранттар дегеніміз — оқу ақысының 50% төленетін гранттар.
Сараланған 300 грант екі бағыт бойынша бөлінген:
«Педагогикалық ғылымдар» — 150 грант;
«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» — 150 грант.
Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет.
Ешқандай қосымша құжат қажет емес.
Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады.