Русский Сайттың толық нұсқасы

130 мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойындар ойнауға тыйым салды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2024
  • 328

Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметінше, 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді. Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.