Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда сегіз кен орны мұнай өндіруді қысқартты

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 4025

ОПЕК елдері келісімінің аясында Қазақстандағы сегіз кен орны мұнай өндіруді азайтты. Бұл туралы біздің арнаға берген жазбаша жауабында Энергетика министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, қара алтынды өндіруді әсіресе Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының компаниялары қысқартқан. Олардың арасында Қытай инвесторлары өндіретін кәсіпорындар да бар. Ал 2017 жылы 14 ақпанындағы ақпарат бойынша Қашаған кен орнында 700 мың тоннадан аса мұнай өндірілген.

Энергетика министрлігінің айтуынша, мұнай өндіруді қысқарту жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттер экономикасына оң әсерін тигізген. Бұл әлемдік мұнай бағасының тұрақтануының арқасында болып отыр. Мысалы, республикалық бюджетте 2017 жылы қара алтынға барреліне 50 доллар деп қойылған. Ал әлемдік орташа баға барреліне 56,8 доллар болған.