Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Президенті ТРК және «Жэньминь жибао» ақпараттық саладағы ынтымақтастықты нығайта түсті

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2024
  • 347

Астанада Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені және Қытайдың жетекші басылымы «Жэньминь жибао» ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатты Қазақстан мен Қытайдағы екі ірі медиа ұйымның басшылары Сюй Лицзин бекітті.

Тараптар ел мен аймақтағы маңызды оқиғаларды жариялау және ілгерілету, ақпараттық контентті бірлесіп өндіру, журналистерге қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісті.

«Қазақстан мен Қытай бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы кәсіби байланысты дамыту өзара құрмет, көмек және достық қағидаттарына негізделген, бұл елдеріміз арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растайды», - деп атап өтті ҚР Президенті телерадиокешенінің директоры Р. Қажыбаева.

Алдағы уақытта тараптар мәдени-гуманитарлық және экономикалық саланы дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен медиа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

ҚР Президентінің телерадиокешені – толық циклды қазақстандық медиа-компания, құрамына: Jibek Joly республикалық телеарнасы, Silk Way және Silk Way Cinema халықаралық телеарналары, Kazinform ХАА және Деректі фильмдер орталығы кіреді.

«Жэньминь Жибао» — 13 тілде жарияланатын қытайлық күнделікті газет. Басылым штатында мыңнан астам журналист жұмыс істейді, тілшілік пунктері әлемнің 70 елінде орналасқан. 1948 жылдың 15 маусымынан бастап шығады.