Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтардың депозиттік салымдары көбейген

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 2580

Оралда ұлттық валютаға сұраныс күшейіп келеді. Бұл туралы Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері айтты. Жыл басынан бері оралдықтардың депозит салымдары 189 миллиард теңгеге жеткен. Соның ішінде теңгемен салынған депозиттік салымдар былтырғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Жалпы ақшаларын банкте сақтайтындар көбейіпті. Мамандар мұны елдегі экономикалық жағдайдың оңалғандығымен байланыстырады. Сондай-ақ қаржылық сауаттылық деп түсіндірді. Дегенмен олар әдеттегідей депозиттік салымдардың бір бөлігін теңгемен, қалғанын шетелдік валютада сақтауға кеңес береді.

Нұржан Қалдыбеков, "ҚР Ұлттық банкі" РММ БҚО филиалы директорының орынбасары:

Бүгінгі жағдайда халықтың теңгелік депозитке сенімі артып отыр. Неге десеңіз, 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы 22 пайызға артып отыр. Бұған валюта нарығындағы тұрақтандыру және ашық кредит саясатының шеңберінде жүргізіліп жатқан бағаны тұрақтандыру ісінің нәтижесі себеп болып отыр.

Еркін КАРИН