Қарағанды облысында қазақ-қытай бірлескен жобасы аясында жылына бір жарым мыңнан астам автобус шығарылады. Аспан асты елінің технологиясымен “ QazTehna” зауытында жасалған “ Yutong” көліктері қаладағы автопарктер мен алыс аудандардағы мектептерге дейін жеткен. Отандық өндіруші біртіндеп экспортқа да шыға бастады.
Ерекше көзге түсетін мектеп автобусы Қарағанды облысының шағын ғана Саран шаһарында құрастырылады. Цех шебері Темірлан Егінбаевтың айтуынша, 80 жұмыскер 2 мыңнан астам бөлшектен күніне осындай 3-4 қоғамдық көлік жасайды. Ұжымда кілең жастар. Өз автобустарын көшеден танып сүйсінеді. Қазір оларды көбінесе алыс ауылдарға әкетіп жатыр.
Темірлан ЕГІНБАЕВ, ЦЕХ ШЕБЕРІ:
“Біздің автобустар өте сапалы, техникалық бақылау бөлімшесі біздің артымыздар әрбір осы бұралған болтты , әрбір метизді біздің артымыздан қарап тексереді. Қауіпсіздің жағын қарайды. Бұл мектеп автобусы, бұл автобус өте қауіпсіз автобустардың біріне саналады.+Бұның металы, қаңқасы өте қатты метадан құралған. ”
Тілші. Зауыт 4 жыл бұрын Қытайдың танымал компаниясымен бірлесіп ашылған. Өндіріс технологиясы мен жоғары дәлдіктегі қондырғылар сол аспан асты елінен әкелінді. Қозғалтқыш, электроника, тағы басқа жабдықтар дак солардан. Ал шыны, орындық, кей жабдықтар Ресей мен Қазақстандыкі. Бүгінге дейін 7 жүзге тарта қазақстандық қытайлықтардан автобус жинауды үйренді. Қазірге дейін 150 адам сонда барып тәжірибеден өтсе, 4 жүзден астам жұмыскерге қытайлар өздері келіп меңгертті. Әлі де тәжірибе алмасып жатыр.
Арғұлан МАЙКОНОВ, ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Қытай компаниялары өте тез дамып жатыр. Олар жаңа технологияны игеруден қорықпайды. Білікті мамандары, зертханалары бар. Соның арқасында “ Yutong” компаниясымен бірлескен зауытты біз небәрі 1 жарым жылда салып тастадық. Олардың технологиясын толық меңгердік. Әлі күнге дейін тәжірибе алмасып жатырмыз. Біз оларға өз қызметкерлерімізді жібереміз, олар бізге өз адамдарын жіберіп отырады.
Автобус зауыты ашылғалы автобояушы, автодәнекерлеуші, инженер- құрастырушы мамандықтарына сұраныс артқан. Бүгінде компания аймақтағы 12 оқу орнынан жас түлектерді алып отырады. Өзінің оқу кафедрасы тағы бар. Жас мамандарды автобус құрастыруға өздері үйретеді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып жылына 2 мың қоғамдық көлік шығару жоспары бар.