Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке түрікмен халқының көшбасшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көпжақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет. Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты.