Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 3331

Жергілікті жерлерде жастардың білімін жетілдіруге қандай жағдай жасалып отыр? Жолдауды түсіндіру үшін Атырау өңіріне арнайы іссапармен барған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев осы сауалға жауап іздеді. Партия хатшысы, алдымен облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясымен кездесті. Мұнан соң Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасындағы 24 жасқа дейінгі жастарға тегін білім беретін цифрлық зертханасын аралап көрді. Жалпы, аймақта 188  жалпы білім беретін мектеп интернетке қосылған. Үштілді білім беру жүйесіне көшу жұмыстары да жалғасып жатыр. 2016 жылы облыстағы 102 педагог тілдік курстардан өтсе, биыл тағы да 335 ұстаз пәндер бойынша ағылшын тіліне оқытылмақ.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

2019 жылдың бірінші қыркүйегінде 10-11 сыныптар кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту туралы Елбасы өз Жолдауында айтты. Енді осы Атырау облысында да, әр өңірде де өзінің өңірлік жоспарын жасақтаған кезде осы мәселеге назар аудару керек. Сол жылы 1 қыркүйекте 10 сыныпқа баратын оқушылар қазір 7 сыныпта оқып жатыр. Олардың ағылшын тілі деңгейі қандай? Қалай оқытылып жатыр? Ауылдық жерлердің балалардың білім сапасы қандай? Осыларды қарап, кешенді түрде қолға алу қажет.