Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2024
  • 176

 Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды, - KAZINFORM.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын жерлер мен заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан „Рахымжан“ шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 га жер учаскесінде жайылымда малдың жоқтығы анықталды.
Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитеті бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды», — деп жазды АШМ-нан.