Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 3886

Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - өзекті мәселе. "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық кеңесінің бүгінгі кезекті отырысы осы мәселеге бағытталды. Онда бас қосқан зиялы қауым өкілдері алдымен еліміздің әскери-тарихи музейін аралады. «Мирас» республикалық кеңесінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, кеңесті дәл осы музейді өткізудің ерекшелігі бар. Себебі «тарихын танымағандардан патриот тұлға қалыптаспайды», - дейді ол.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы:

Патриотизм мәселесі Елбасымыздың соңғы жолдауында да көтерілген. Қазақстандық патриотизмді көтеруді Елбасы мақсат етіп қойып отыр. Патриотизм басталатын бастаулардың бірі - ол ел тарихын білу, ел тарихындағы ерліктерді білу. Сөйтіп соларды жастарға айтып, түсіндіру керек.

Бұл орайда «Серпін» бағдарламасы - үкімет қаржысын жұмсамастан, 13 мыңға жуық шәкірт оқытып отырған тиімді бағдарлама. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, осы сынды «Жас Ұлан» бағдарламасында жетілдіріп, патриоттық бағытын күшейту керек, деп есептейді.

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» бағдарламасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы:

Осыған қатысты бірнеше мемлекеттік ұйымдар өз жұмыстары жайлы айтты. Жалпы проблемалар туралы да. Бірақ енді мұны қалай іске асырамыз деген сұрақ туындайды. Біз енді "Нұр Отан" партиясынан арнайы топ қрылып, мен мүшелікке ендім. Осы «Жас Ұлан» ұйымының жұмысы зерттелінді. 2011 жылы құрылған «Жас Ұлан» біраз жұмыс атқарды, дегенмен өзгеріс жасайтын кез келді деп ойлаймын.