Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалды сот орындаушылары шешті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, тұрғын Айжан Тұяқбаева өз балаларына алимент төлемі бойынша қарыз болған.
– Сот орындаушысы екінші деңгейлі банктердегі қаражатқа, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарды. Борышкердің банк шоттарында қаражат болмаған, борышкер жұмыс істемеген, зейнетақы жарналары, жылжымалы және жылжымайтын мүліктері тіркелмеген, – деп хабарлады өңірлік палатада.
Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық жазадан құтылу үшін әйел алимент бойынша 4 530 803 теңге қарызын өтеген.