Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жеті жасар бала полицияға шағым түсірді

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2024
  • 377

Қарағанды облысында Саран қаласының полиция бөлімшесіне жеті жастағы бала жүгінді. Ол өзінің велосипеді қолды болғанын айтқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Бала тәртіп сақшыларына велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция жәбірленушіні көлікке мінгізіп, аулаларды аралаған.

"Аулада жүрген баланың велосипедін басқа бала сұраған. Ол велосипедін берген. Алайда әлгі бала аулада бірнеше рет айналғаннан кейін белгісіз жаққа бет алған. Велосипедтің иесі артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған", - дейді полицейлер.

Шағымданушы баланың ата-анасы да шақыртылған. Біраз уақыттан кейін велосипед табылды. Оны 10 жастағы қыз бала айдап әкеткен болып шықты. Полицейлер қыздың ата-анасымен сөйлескен.