Русский Сайттың толық нұсқасы

"ШЫҰ-ның дамуына Астана декларациясының ықпалы зор", - сарапшы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының дамуына Астана декларациясының ықпалы зор. Сарапшылар осылай дейді. Әу баста Шанхай ынтымақтастық ұйымы аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Қазір бірлестіктің қарастыратын мәселелерінің ауқымы аймақтықтан жаһандыққа ойысты. Кеше қабылданған құжаттар - соның айқын дәлелі. 

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Саммитке қатысушы елдер Астана декларациясының қорытындысы бойынша Орталық Азияны ШЫҰ өзегі деп таныды. Бұл - жақсы көрсеткіш. Ал Қазақстан, менің ойымша Орталық Азияның өзегі болды және болып қала береді. Сондықтан біз үшін, бұл - өте маңызды. Сонымен қатар, 16 мемлекеттің басшылары мен БҰҰ Бас хатшысының Елордада бас қосып, өзекті мәселелерді талқылауы Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

  

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде негізгісі - Астана декларациясы. Сонымен қатар, жаһандық бірлік, ұйымның даму стратегиясы, энергетика саласын жетілдіру, экология және ақпараттық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселер бойынша шешімдер мен мәлімдемелер бекітілді. Ұйымға мүше елдер терроризм, экстремизм және есірткіге қарсы күресті де бірлесе әрекет етпек. {СНХ}

Алия МҰСАБЕКОВ,САРАПШЫ:

Менің ойымша біз саммитті жоғары деңгейде өткіздік. Төрағалықты абыроймен аяқтадық. ШЫҰ үшін бұрын соңды болмаған өте ауқымды жиын болды. Саммитті жаңа форматта өткізудің өзі өте қиын іс. Бұл әрине біздің ортақ жеңісіміз десек болады. Қабылданған құжат еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосары анық.