Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы қарастырылады

Енді ғылыми атағы бар ғалымдар үстемеақы алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қол қойды. {КСМ} Заңды құжатта жас ғалымдардың баспананы сатып алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту құқығы да қарастырылған. Сондай-ақ жаңа технологияларды коммерцияландыру мәселелері бар. 

Саясат НҰРБЕК,  ҚР ҒЫЛЫМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 отандық ғалым тағылымдамадан өтеді. 2023 жылы 809 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді. 2023-2025 жылдарға арналған ғылымның жалпы бюджеті алдыңғы 2020-2022 жылдардағы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, 643 млрд теңгеге жетті.

Докторантурада білім алып жатқандар үшін де бұл үлкен мүмкіндік. Себебі ғылыми атағына байланысты енді олар да үстемеақы алады. Жалпы бұл құжат ғылымды дамытуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыруға, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. {СНХ}

Олжас ЖОЛДЫБАЙ, ДОКТОРАНТ:

Мемлекет тарапынан жасалатын қолдау, бұл ерекше қолдаулардың бірі. Неге десеңіз соңғы жылдары докторлық дәрежесін қорғаған адамдарға үстемақы қосу оны заң жүзінде бекіту сол шаралары үлкен мақсаттармен жүзеге асып жатыр. Бұл еуропалық стандартқа жетелейтін бірден-бір жол.