Русский Сайттың толық нұсқасы

"Сұраймын сүйіншімді": Төреғали Төреәлінің алтыншы перзенті дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2024
  • 439

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің алтыншы перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"Ұлы дала баласы" келіншегімен перзентханада түскен суретін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. "Алла деп бағындырдым биыл шыңды, Перзантхана екінші үйім сынды, Алтыншы рет бұйырды әке атану Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Көпбалалы ата-ана әзірге сәбиінің жынысын жария етпеді. Желі қолданушылары ерлі-зайыпты бірден құттықтап, оларға ақ тілегін жарыса жолдап жатыр.