Русский Сайттың толық нұсқасы

EURO-2024: жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2024
  • 299

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды, - деп жазды KAZINFORM 

Ширек финалдың соңғы жұбында Нидерланд пен Түркия құрамалары кездесті.

Бүгінгі кездесу барысында түркиялық Самет Акайдын 35-минутта әріптесі Арда Гюлердің берген пасын голға айналдыра білді.

Ал 71-минутта нидерландтық Стефан де Врей таразы басын теңестірсе, түркиялық Мерт Мюльдюр 76-минутта автогол авторы атанды.

Осылайша Нидерланд қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

D тобында сынға түскен Нидерланд сенімді ойын көрсете алған жоқ. Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Небәрі үш ұпай жинаған құрама 1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.

1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.

Енді жартылай финалда 9 шілдеде Испания мен Франция, Англия мен Нидерланд шеберлік байқасады.