Русский Сайттың толық нұсқасы

"Уимблдонда" – сенсация! Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2024
  • 237

1 сағат 58 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте Юлия қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Екінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші сетті сәтті бастап, 4:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде соңғы сетті 6:2 есебімен аяқтады. Осылайша Ұлыбританиядағы жарыста суперсенсация жасады, - деп жазды Massaget.kz

1/8 финалда Юлия латвиялық Елена Остапенкомен (13) кездеседі.

Айта кетейік, Юлия жарыстың бірінші кезеңінде үш дүркін "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы Анжелика Керберді ұтты. Одан кейін Олимпиада чемпионы Катерина Синяковадан айласын асырды.