Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында жүк көлігі өртенді

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2024
  • 220

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында облыстық маңызы бар "Жаңаөзен – Жетібай" автожолының учаскесінде жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, машинада мұнай тиелген.

"Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - делінген хабарламада.