Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда жойқын торнадо соқты: қаза тапқандар бар

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2024
  • 273

Қытайдағы Хэцзе қаласында жойқын торнадо соқты, оның кадрлары әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Жаңа мәліметтер бойынша, 5 адам қаза тапты, 80-нен астамы зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Синхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбіде әлеуметтік желілерде Шандун провинциясында орналасқан Хэцзе қаласындағы торнадо түсірілген кадрлар басып қалды. Сол видеолардың бірінде биік торнадоны көруге болады, ол біртіндеп көпқабатты үйлерге жақындап келеді. Қытайдың басқа тұрғындары оқиғаны терезелер мен көліктерден түсіріп алған.

Синхуа агенттігінің мәліметі бойынша, Хэцзе қаласына әкімшілік есеп беретін Дунмин және Цзюанчэн округтерінің аумағында 88 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, олардың бесеуі қаза болған.