"Майқайың алтын" АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.
"28 маусымда кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының ЖШС-мен бірлесіп іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады", - деді "Майқайың алтын" АҚ өкілдері.