Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілдеде Баянауыл ауданының жедел құтқару жасағының күшімен 2007 жылы туған суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды.
11-сынып оқушысы жағажайда ата-анасымен бірге болған. Кезекшілікте жүрген құтқарушылар батып бара жатқан адамды көрген. Демалушылар да көмектесуге тырысқан.
Оқиға мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, «Жасыбай» демалыс аймағында болған.