Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда бес жасар сәбиді ит талап тастады

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 294

Қарағандыда балалар ойын алаңының жанында ит бес жасар қызды қауып алды. Үй жануарын иесі ағашқа байлап қойған. Бүлдіршін итті сипау үшін қасына барыпты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Patriot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ит өзіне жақындаған балаға шабуыл жасап, бетінен тістеп алған. Баланы анасымен бірге ит иесінің өзі ауруханаға алып барды.

«Дәрігерлер шамамен 8 тігіс жасады. Сіреспеге, құтыруға қарсы вакцинация жасалмайды, өйткені баланың денесінде препараттарға реакция болды. Бүлдіршіннің бетінде тыртық қалатын болды. Иттің иесі баланың өзі жануарға жақындағанын және ата-анасының немесе қамқоршысының қарауынсыз жүргенін айтып, жауапкершіліктен бас тартты», - деді отбасының досы Виктория.

Бүлдіршіннің анасы баланы ата-анасы ойын алаңында қарап жүруге міндетті емес екенін және итте тұмсығын жауып тұратын тұмылдырығы болмағанын айтты.