Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері Атырау облысында есірткіге қарсы 82 құқықбұзушылық анықталды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 236

Биыл Атырау облысында есірткіге қарсы 82 құқықбұзушылық анықталған. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтіліп отыр. 

«Өткен жылы Атырауда есірткімен байланысты 63 құқықбұзушылық анықталды. Ал, биыл осындай 82 дерек тіркелді. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының аумағында «Fito» заңсыз зертханасын ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Одан есірткі заттары бар 68 өсімдік алынды», - делінген прокуратураның хабарламасында.


Прокуратура қызметкерлері интернет арқылы есірткі заттарының таралуын анықтау мақсатында әлеуметтік желіге күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. Үкіметтік емес ұйымдармен бірге өткізілген акциялар мен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде әртүрлі сайтта есірткі жарнамасы бар 30-дан астам жазба жойылған. 


Сондай-ақ жыл басынан бері «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы заңсыз контенті бар 60 сайт анықталған. Аталған сайттарды бұғаттау мақсатында жинақталған деректер Ішкі істер министрлігіне жіберілді.