Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда жолда көлік өртеніп, әйел адамды күйік шалды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 211

 10 шағынауданда  жолда автокөлік өртеніп, әйел адам термиялық күйік алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

ТЖД-нің хабарлауынша, көлік толығымен жанып кеткен. Әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Сағат 17:46-да төтенше жағдайлар қызметі өртті толықтай сөндірді. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.