Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та Boeing 757 ұшағының дөңгелегі түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 220

United Airlines авиакомпаниясының Boeing 757 ұшағы Лос-Анджелес әуежайынан ұшу кезінде негізгі шасси тірегінің дөңгелегін жоғалтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, әуе кемесі Денверге қонды. Бортта 179 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.

United Airlines төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізеді. Бұл оқиғаның мән-жайын америкалық федералды авиация әкімшілігінің қызметкерлері де зерттейді, деп хабарлайды ABC.

Boeing Reuters агенттігіне 2004 жылы 757 моделін шығаруды тоқтатқанын айтты.