Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде 9 жылда болмаған жаңбыр жауды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 241

Семейде соңғы 9 жылда болмаған толассыз жаңбыр жауып, салдары бірнеше сағатқа созылған кептеліске әкелді. Ал қатты жел бірнеше ғимараттың шатырларын ұшырып әкетті.

Сонымен қатар, бірнеше аудан жарықсыз қалды.Бұл туралы Семей әкімдігі мәлімдеді.

Мамандар бір сағат бойы үздіксіз жауған нөсер жауын, 1 айлық мөлшерден асып кеткендігін айтады.

Коммуналдық қызметкерлер 1 түнде 7 мың текше метрден астам су сорды, тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.