Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті

Елордада «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті.

Онда «Алтын домбыра» мектебінің 500-ге жуық шәкірті өнер көрсетті. Олар «Балбырауын», «Адай», «Ерке сылқым», «Әке» сынды танымал күйлер мен өзге де шығармаларды орындады. Іс-шара барысында халық музыкалық аспабына арналған әндер мен танымал домбырашылардың орындауындағы заманауи күй күмбірлеп, көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Осындай шараны өткізу арқылы жас буын өкілдеріне киелі өнерді таныту басты міндетіміз дейді – ұйымдастырушылар.

Дәулет КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Домбыра бұл қазақты қазақ еткеннен бері келе жатқан байлығы – домбыра. Бұл біздің қазақты, адамзаттың көкжиегіндегі орнын айшықтайтын біздің қасиетті аспабымыз. Сондықтан да қазақ бар жерде домбыра бар. Домбыра бар жерде қазақ бар. Осы домбыраның екі шегінде біздің екі дүниенің әуені, көрінісі, бүкіл әдемі құбылысы жатыр деп ойлаймын.

Ибрагим ЕСКЕНДІР, ӘНШІ:

Домбырамызды қазақ елінде кеңінен насихаттау, кеңінен үйрету ол үлкен міндет. Өз қазағымызды әлемге домбырамен ғана танытамыз. Ұлттық дәстүрімізбен мәдениетімізбен танытамыз. Сондықтан домбыраның аастында үлкен мәдениет бар. Сондықтан аға ретінде әке-шеше ретінде әрбіріміз балаларымызды домбыраға тәрбиелеуіміз керек деп білеміз.