Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс кешенінде 17 жастағы жігіт қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 257

Демалыс кешенінде 2007 жылы туған жігіт сырғанақтан бассейнге секіріп, мерт болды. Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары оқиға орнына барып, зардап шегушінің қайтыс болғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

- Сағат 14:26-да «Tree of life» сауықтыру орталығына 2007 жылы туған азаматтың суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Бригада келгеннен кейін жігіттің қайтыс болғаны расталды, - деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.