Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында мектеп түлегі қаза тапты: полиция мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 378

Полицейлер Атырау облысындағы жас түлектің қазасына қатысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлім етті. 19 жастағы күдікті тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелген.

"2005 жылы туған, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.