Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге кетіп қалған

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2024
  • 237

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтыққа жүзіп, қайта алмаған 6 жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар қолдан жасалған жүзу құралын қолданған.

«ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ТЖМ.